
4 сәуірде депутат Карлыгаш Кипчакбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтті, оның жұмысына депутаттардан басқа, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұржан Молдабеков, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
"Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ұсынды. Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар енгізілетін өзгерістерді бірауыздан бекітті.
Сондай-ақ, сессияда 2025 жылға арналған "Қауіпсіз Қордай" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.