
Бүгін Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
2026 жылға арналған жоспарға сәйкес отырыстың күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қордай ауданы бойынша қылмыстық жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету шараларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тиісті сала мамандарының есептері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларының есептері тыңдалып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды және кеңес мүшелері алдағы уақытта да қаралған мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуын бақылауда ұстайтындарын жеткізді.