
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің, балық, орман шаруашылығы, жұмыспен қамту және дін істері жөніндегі» комиссиясының төрағасы Архабек Тулебаев, «Таза Қазақстан» жобасы аясында Қордай ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Аудан әкімдігінде өткен жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұржан Молдабеков, кеңес мүшелері және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Таңат Қабылтай қатысты. Кездесу барысында Архабек Тулебаев Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының атқарған жұмыстары туралы баяндап, негізгі бағыттар мен жүзеге асырылған шараларға кеңінен тоқталды.
Іс-шара барысында өңірдегі діни ахуал жан-жақты сараланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар, діни қызмет саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Жиында өңірдегі діни ахуалды тұрақты талдау, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіру, заң талаптарын бұзатын тұлғалардың қызметіне тосқауыл қою, сондай-ақ жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдеріне нақты ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.
Бұл кездесу өңірдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.