Аудандық бюджетке және даму жоспарына өзгеріс енгізілді

Аудандық бюджетке және даму жоспарына өзгеріс енгізілді

Бүгін аудандық мәслихаттың алпыс екінші сессиясы өтті. Оны Қордай ауданы мәслихатының төрағасы Садыков Нурдин Есенгелдіұлы өткізді. Депутаттардан басқа сессияға аудан әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

Депутаттар «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы  №55-6   шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін қарастырды, бұл жөнінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абдужалиева Светлана баяндама жасады. Одан әрі ол "2026-2030 жылдарға арналған Қордай ауданын дамыту жоспарына" толықтырулар мен өзгерістерді ұсынды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.