Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті

27 наурызда Бейкут Жамангозовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жоспарлық мәселелерді қарауға арналған бірлескен отырысы өтті.

Отырыста «2025 жылға арналған «Қауіпсіз Қордай» жобасын іске асыру шаралары жоспарын іске асыру және аудандағы көші-қон жағдайы туралы» және «Қордай ауданына инвестицияларды тарту жоспары және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардан аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері туралы». Отрысқа аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, Қордай ауылдық округі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Ердос Токтогуловтың баяндамасы тыңдалды, ол «Қауіпсіз Қордай» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды, содан кейін депутаттар мәселені жан-жақты талқылап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту, халық арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша шараларды жүйелі жүргізу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың арасында құқық бұзушылықтардың болуына жол бермеу жұмысын күшейту, сондай-ақ біздің аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін азаматтардың заңсыз көші-қон жағдайларын анықтау және қудалау ұсынылды.

         Екінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы Гүлмира Мусинаның баяндамасы тыңдалды. Депутаттар жүргізіліп жатқан жұмысты әрі қарай жандандыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.