
20 ақпанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Садықов Нұрдің Есенгелдіұлы жүргізді. Депутаттардан басқа сессияға аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Депутаттар Қордай аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу мәселелерін қарастырды, бұл туралы егжей-тегжейлі ақпаратты депутат, мәслихаттың уақытша жұмыс тобының төрағасы Қыпшақбаева Карлығаш Қанатбекқызы ұсынды.
Әрі қарай «22 желтоқсан 2025 жылғы №55-6 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Әбдужалиева Светлана Жамалбайқызы ұсынды.
Сонымен қатар, сессияда аудан әкімдігі жанындағы антитеррористік комиссия құрамына және кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының жеке құрамына өзгерістер енгізілді.