
9 ақпанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Садықов Нурдин Есенгелдіұлы өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің кейбір бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Депутаттар «2026-2028 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №56-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «2026-2030 жылдарға арналған Қордай ауданының даму жоспарын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №55-7 шешіміне толықтыру енгізу туралы мәселелерді қарады, олар бойынша баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Абдужалиева Светлана Джамалбаевна егжей – тегжейлі жасады.
Сонымен қатар, сессияда бірлескен «Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы бірқатар құрамдас бөліктерді қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 24 желтоқсандағы №492 қаулысының және Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылдың 24 желтоқсандағы №56-6 шешімінің күші жойылды.