Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясы

2026 жылдың 16 қаңтарында аудандықмәслихаттың кезектен тыс елу жетіншісессиясыөтті. ОныҚордайаудандықмәслихатының төрағасы Садықов Нурдин Есенгелдіұлы өткізді. Сессияға депутаттарданбасқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, құқық қорғау органдары,  аудан әкімдігінің кейбір бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар Қордай ауданының 2026 – 2027 жылдарға арналған «Қордай – қауіпсіз аудан» профилактикалық іс – шаралар тұжырымдамасын іске асыру бағдарламасын бекіту туралы мәселені қарады, ол бойынша егжей – тегжейлі  баяндаманы аудан прокуратурасының прокуроры Әмір Батухан Амандықұлы берді. Бұл мәселе бойынша жарыссөзге депутат Омар Әлібек Далбайұлы қатысып баяндама жасап өз ұсыныстарын айтты. 

Сонымен қатар, сессияда Қордай ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның құрамы бекітіліп, әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін белгілеу жөніндегі аудандық арнайы комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.