Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатының Қордай ауданына іс сапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатының Қордай ауданына іс сапары

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Нұрымованың Кордай ауданына іссапары аясында, аудандык депутаттармен бірге бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарды аралау жұмыстары жүзеге асырылды.

Іссапар барысында: 🔹 Қақпатас ауылында «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында бой көтерген жаңа мәдениет үйінің жай-күйімен танысты;

🔹 Бетқайнар ауылында 180 орындық екі қабатты жаңа мәдениет үйінің құрылыс барысы қаралды;

 🔹 Қордай ауылындағы орталық стадионның құрылыс жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды. Аталған нысандар – ауыл тұрғындарының мәдени-әлеуметтік өмірін жақсартуға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды жобалар. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныс-пікірлер айтылды.