
Бүгін аудан әкімі ұйымдастырған «Қуанышқа толы Жаңа жыл» мерекесіне арналған іс – шараға Қордай аудандық мәслихат төрағасы Нурдин Есенгельдиевич қатысты.
Іс-шара барысында балаларға жылы лебіздер айтылып, олардың жүздеріне қуаныш пен шаттық сыйлаған мерекелік бағдарлама ұсынылды. Бұл – өскелең ұрпаққа көңіл бөліп, оларға ерекше көңіл-күй сыйлауға бағытталған игі бастамалардың бірі.
Балалардың күлкісі мен шынайы қуанышы – мерекенің ең басты көркі. Барша бүлдіршіндерге жаңа жылда зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!