
2025 жылдың 24 желтоқсанында аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Кипчакбаева Қарлығаш Қанатбековна өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары Сахатов Бақыт Оңласынұлы, Сүгірбай Дамира Маратовна, Бақаев Жұлдызбек Төленұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің кейбір бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттар «2026 – 2028 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» және «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абдужалиева Светлана Джамалбаевна берді.
Одан бөлек Отар, Қордай, Жаңатұрмыс, Күнбатыс-1 ауылдарының құрамдас бөліктерін қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ аудандық жер комиссиясының құрамы бекітілді.