
2025 жылдың 28 қарашада аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нурдин Есенгельдиевич Садыков өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Оңласынұлы Сахатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің кейбір бөлім басшылары және кейбір ауылдық округ әкімдері қатысты.
Депутаттар Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі Беріктас ауылының шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 қарашадағы №51-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы және Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі Беріктас ауылының шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы мәселелерді қарады, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сейдекеш Ғабит Доғдырқұлұлы егжей – тегжейлі баяндама берді.
Одан бөлек Қордай ауданы Қордай ауылдық округі Қордай ауылының құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы Тоқтағұлов Ердос Өмірбекұлы баяндама берді.
2026 жылы Қордай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Джамалбаевна баяндама берді.
Экология, табиғатты пайдалану, әкімшілік аумақтық құрылым, жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, өнеркәсіп салаларын, энергетиканы, құрылысты, ауыл шарушылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы;
«Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қаңтардағы №18-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселелері қаралды.