
Сортөбе ауылында 75 келушіге арналған жаңа полиция бөлімшесінің ашылуы салтанаты өтті. Бұл нысан «Заң және тәртіп» қағидаттарын жүзеге асыруға, тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жаңа бөлімше заманауи талаптарға сай жабдықталып, полиция қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне толық мүмкіндік береді. Тұрғындар үшін қолжетімділік артып, құқықтық тәртіпті күшейтуге жаңа серпін бермек.