Заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп

 

Аудандық Мәдениет үйінде Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға арналған жиын өтті. Жиынға Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайсар Сұлтанбаев арнайы келіп, Қордайдағы қоғамдық ахуал мен құқықтық тәртіп мәселелерін талқылады.

 

Құзырлы органдар мен ауылдық округтер өкілдері өзекті ұсыныстарын жеткізді. «Ішімдіксіз ауыл» жобасының нәтижелері атап өтіліп, үлес қосқан азаматтар марапатталды.

 

Қоғамдық қауіпсіздік — ортақ міндет. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс жалғаса береді.