Бүгін «AMANAT» партиясының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Молдабековтің жетекшілігімен кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның бірқатар бөлім басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Жиын жұмыс тәртібі бекітіліп, күн тәртібіндегі мәселелерді қарау басталды.
Күн тәртібіне екі негізгі мәселе енгізілді:
1) Аудандағы жастар ұйымдарының қызметін зерделеу нәтижелері.
Бұл мәселе аясында жастар ресурстық орталығы мен жастар ұйымдарының жыл басынан бері атқарған жұмыстары, жүргізілген жобалар, жастар арасындағы әлеуметтік бастамалар және олардың жүзеге асырылу барысы жөнінде толық ақпарат берілді. Сонымен қатар жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелер, олардың шешу жолдары мен жоспарланған іс-шаралар туралы талқыланды. Кеңес мүшелері жастармен жұмыс жүргізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтып, бірқатар бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берді.
2) Аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының кіріс көздерін есепке алу мониторингі және жоспарлы кірістің орындалуын талдау нәтижелерінің қорытындысы.
Басқарма басшысы аудан бойынша кірістердің орындалу динамикасы, кіріс көздерін анықтау және есепке алу барысы, салалық бағыттар бойынша көрсеткіштердің орындалуы жөнінде баяндама жасады. Салықтық түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, көлеңкелі экономиканы азайту және цифрландыру құралдарын енгізу мәселелері де назардан тыс қалмады. Кеңес мүшелері есепті мұқият тыңдап, аталған бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге қатысты қосымша сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
Әр мәселе бойынша баяндама жасалғаннан кейін кеңес мүшелері талқылауға белсенді қатысып, нақты ұсыныстар мен ескертулерін білдірді. Жастармен жұмыс жүргізу сапасын арттыру, мемлекеттік кіріс бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету және тиісті бөлімдердің өзара үйлесімділігін күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Смағұлұлы айтылған ұсыныстар мен пікірлерді қорытындылай келе, тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауда ұстайтынын атап өтті. Кеңестің кезекті отырысы жұмыс тәртібіне сай өз мәресіне жетті.