Облыстық спартакиада

Облыстық спартакиада

Қордай аудандық мәслихатының депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған облыстық спартакиадаға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

Шараны Байзақ аудандық мәслихаты Сарыкемер ауылында ұйымдастырды. Жарыс барысында қатысушылар волейбол, үстел теннисі және арқан тарту спорт түрлерінен бақ сынасты.

Бәсеке қызу әрі тартысты өтті. Әсіресе біз үшін үлкен қуаныш – үстел теннисінен Қордай ауданының командасы І орын иеленді!

Бұл жетістік – бірліктің, табандылықтың және спортқа деген шынайы құлшыныстың жемісі. Қатысушыларға алғыс айтамыз!