Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған жұмыс жоспары бойынша – «Ауданда елді мекен көшелерінің жағдайы туралы» мәселесі қаралды.
Комиссия отырысында Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Абсеитовтың баяндамасы тыңдалып, бірқатар сұрақтар қойылды.
Отырыс соңында әр округтердің әкімдеріне жобалық құжаттамалардың әзірлеу барысында алдын ала аудандық мәслихат депутаттарына презентация жасап таныстыру бойынша ұсыныс берілді.