«Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және тіркелген халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

«Дамумед»  медициналық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және тіркелген халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Аудандық мәслихаттың білім беру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған жұмыс жоспары бойынша «Дамумед»  медициналық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және тіркелген халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету»  мәселесі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында Қордай аудандық орталық ауруханасының IT бөлімінің меңгерушісі Арыкбай Азат және дәрі-дәрмек бөлімінің меңгерушісі З.Разакованың баяндамасы тыңдалып, назарға алынды. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша бірнеше сұрақ-жауап берілді. «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі бойынша дәрігерге жазылу уақытымен, дәрігерге кіру уақытын сәйкестендіру, ретке келтіру, тегін дәрі-дәрмектерге өтінімдерді уақтылы қалыптастырып, ұсынылсын.