Өзгерістер енгізілді

Өзгерістер енгізілді

           22 тамызда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, оны аудандық мәслихат төрағасы Нурдин Есенгелдиевич Садыков өткізді. Сессия жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округ әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты

           Сессияда "Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы    «2025-2027  жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің  бюджеттері туралы» №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе қаралды, ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева егжей-тегжейлі баяндама жасады. Мәселені жан-жақты талқылап, депутаттар тиісті шешім қабылдады.