Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында

14 шілдеде Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Карлығаш Кипчақбаева мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізді, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

     Депутаттар «Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы                                «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады, баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ұсынды.

      Сондай-ақ сессияда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 маусымдағы «Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 21-4 «Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бұрын қабылданған шешімі жойылды.