2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы және басқа да мәселелер

2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы және басқа да мәселелер

26 маусымда Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаеваның төрағалығымен мәслихаттың кезекті сессиясы өтті, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессияда депутаттар "2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы" мәселені қарады, баяндаманы аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Еран Рысқұлов ұсынды. Содан кейін осы мәселе бойынша қорытындыны малихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Катира Увалиева берді.

Бұдан әрі "Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 21-4 "Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе қаралды.

Сондай-ақ сессияда "Масаншы ауылдық округінің Масаншы ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесіне қайта атау туралы ұсыныс енгізу туралы"мәселе қаралды.

Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.