Қордай аудандық мәслихатында аудандық мәслихаттың экология, табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, өнеркәсіп салалары, энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, «Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша «Қазсушар» РМК аудандық филиалының жұмысы туралы» және «Аудандағы ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларынын алдын алу, оларды тақбалау және чиптеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тұрақты комиссияның 2024 жылғы 21 мамырдағы №2 қаулысының орындалуы туралы мәселелер қаралды. Осы мәселелер бойынша толық ақпаратты «Қазсушар» РМК аудандық филиалының басшысы Мақсұт Ершібұлов және Қордай ауданының ветеринария бөлімі басшысының м.а. Айдын Мәсінбай ұсынды.
Аудан үшін суармалы су туралы өте өзекті мәселені жан-жақты талқылағаннан кейін тиісті қаулы қабылданып, мәслихат аппаратына су ресурстары министрлігіне хат жолдауды тапсырды. Ал екінші мәселе бойынша бұрын қабылданған қаулының орындалуы туралы ақпаратты депутаттар назарға алды.