Көксу ауданы мәслихатының кезекті XL (40-шы) сессиясы өтті

Көксу ауданы мәслихатының кезекті XL (40-шы) сессиясы өтті

Көксу ауданы мәслихатының кезекті XL (40-шы) сессиясы өтті

Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қарбаев Мадий Мырзатайұлы, “AMANAT” партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы, сондай-ақ аудандық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1.Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №15-63 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2.Көксу ауданының 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.
3.Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.
4. Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы «Көксу ауданының әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 19-77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
5.Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы №25-107 «Көксу ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6.Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы №25-108 «Көксу ауданындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7.Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы «Көксу ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» №25-109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8.Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 ақпандағы №38-155 «Көксу ауданының жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Көксу ауданы Мұқыры ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2024 жылғы ауданның және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы бойынша баяндамалары тыңдалып,Жетісу облысының тексеру комиссиясының мүшесі Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы қортынды баяндама жасап, ұсыныстар айтты. Сессия барысында барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

✅ Алда тұрған міндеттер мен жоспарлар бірлесе атқарылатын болады.