📍 Көксу ауданы мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтті.

📍 Көксу ауданы мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтті.

🗓 23 шілде 2025 жыл
📍 Балпық би ауылы

Сегізінші шақырылған Көксу ауданы мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтті.

🗣 Сессияны мәслихат төрағасы – Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы жүргізді.

🔹 Сессия жұмысына Көксу ауданы әкімінің орынбасары Шалкибеков Ержан Өтегенұлы, «AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

🔴 Сессия Instagram желісі арқылы тікелей эфирде жүргізілді.

📌 Күн тәртібіндегі мәселелер:

1️⃣ «Көксу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі.

2️⃣ «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылыры баяндама жасап, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып тиісті жауаптар алынды.

🗣 Көксу ауданы мәслихатының депутаты Садыбаева Анар Белісбекқызы жарыссөзде сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар бойынша ұсыныс айтып, айтылған ұсыныс дауысқа салынып тиісті шешімдер қабылданды.

🔚 Сессия соңында аудан әкімінің орынбасары Шалкибеков Ержан Өтегенұлы сөз сөйлеп, бөлім басшыларына жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізу туралы тапсырма берді.