округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының
№ 4 хаттамасы
Еңбекшіқазақ ауылы 30 мамыр 2025 жыл
Жиналыс төрағасы: Уалиев Б.
Жиналыс хатшысы: Искакова А.
Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны: 9 адам
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері – 7 адам, ауыл, көше тұрғындары 16 адам (тізімі қоса тіркеледі)
(тұрғындардың тегі,аты және қойған қолы анық болуы шарт).
Күн тәртібінде:
Кіріспе сөзбен, жиынды Лабасы ауылдық округінің әкімі Т.Кешуов ашты. Әкім өз сөзінде, соғыс және еңбек ардагері Рысжан Әлімбаевтың ұрпақтары әкелеріне көше есімін беру туралы өтініштерін білдірген еді. Баршаңызға белгілі, осы ауылда туып өскен, жастайынан еңбекке араласып, Ұлы Отан соғысына қатысып , елімізді, жерімізді қорғаған майдангерлеріміздің бірі, соғыс ардагері және еңбек ардагері Рысжан Әлімбаевтың есімін осы ауылдағы ПМК көшесіне беру туралы ұсыныс түсті. Сол ұсынысты қалай қабылдайсыздар.
Жарыссөзге шыққандар:
Әлімбаев Рысжан 1914 жылы Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1930 жылы Талдықорған ауданындағы № 6 ауылында мектептің меңгеруішісі болып бастады. 1933 жылдын 1936 жылғы дейін Талдықорған ауданындағы Нұра, Биғаш, Талдыарық бастауыш мектептерінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Түргендегі педагогикалық училищені бітіргеннен кейін 1938 жылдан 1941 жылға дейін Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңадәуір, одан кейін Шилікемер ауылындағы мектептерде мұғалім болды.
1941 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына 5 жыл бойы қатысып, елімізді неміс-фашист басқыншыларынан қорғады.
Майданнан оралғаннан кейін 1946 жылдың қаңтарында халық ағарту саласындағы жұмысын одан әрі жалғастырды. Еңбекшіқазақ ауылындағы толықсыз орта мектептің мұғалімі, одан кейін директоры болып қызмет атқарды. 1974 жылы құрметті демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін ауылымыздың көркеюіне, әлеуметтік саласына, қоғамдық жұмысына белсене араласты.
Соғыс жылдары көптеген медальдармен, орденмен, мақтау қағаздармен марапатталған: «Қызыл жұлдыз» орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Батылдығы үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны басып алғаны үшін», Берлинді басып алғаны үшін, «Германияны жеңгені үшін» және Ұлы жеңістің 40 жылдығы медальдарымен марапатталған.
Ауыл тұрғындарының атынан сөйлеген Оразалинов Б., Бабашев Е., Сатылғанов Т. ПМК көшесі Әлімбаев Рысжанның атымен аталсын деген ұсынысты бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Лабасы ауылдық округінің әкімі Т.Кешуов:
Жиналысты қорытындылай келе дауысқа салынды:
Қарсы, қалыс жоқ.
Барлығы 21 адам қабылданған шешімге дауыс беріп қолдады.
Жиналыс мүшелері шешім қабылдады:
Жиналыс төрағасы Уалиев Б.
Жиналыс хатшысы Искакова А.
Қосымша
Қатысушылардың тізімі :
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының төрағасы : Б.Уалиев
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хатшысы: А.Искакова