
Көксу ауданы мәслихатының аппарат басшысы А. Қожабергенов мемлекеттік қызметшілерге «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кітап – білімнің ғана емес, рухани дамудың, терең ой мен парасаттың қайнар көзі. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасып, жаңа көзқарастар мен құндылықтар орнығады.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру – баршамызға ортақ міндет. Кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырып, оқуға деген қызығушылықты арттыру арқылы білімді, саналы, ой-өрісі кең әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз.
Кітап оқиық – білімімізді арттырып, рухани әлемімізді байытайық! 📖