Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 29 қантарында сағат 18:30-да «Халық пен депутаттар бірге» айдары аясында Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.А. Әкімов және Қала мәслихатының депутаты Г.З.Сабатаева 8-сайлау округінің тұрғындарымен кездесуге шақырады.
📍 Кездесу орны: Әшімов к-сі, 191, Көкшетау қаласының «№6 мектеп-лицейі».
Бұл кездесуде қала өмірі мен оның даму мәселелері талқыланып, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалады.
Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз!