"Депутаттар мен халық бірге-қаланың игілігі үшін" айдары

"Депутаттар мен халық бірге-қаланың игілігі үшін" айдары

“Депутаттар мен халық бірге - қаланың игілігі үшін!” айдары аясында 15 ақпан сағ.18.00-де, мекен-жайы № 1 орта мектебінде мәслихат төрағасы Д. А. Әкімов 3 округтің депутаты Г.Есеновамен бірге меншік иелері кооперативтері төрағаларымен келесі мәселелер бойынша кездесетін болады:
-қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Үлгілік қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша «Контейнерлік алаңдарға іргелес аумақта құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинауға жол берілмейтіндігі жөнінде түсініктемелер жүргізу
-меншік иелерінің кооперативінен пәтер иелерінің серіктестігіне және қарапайым серіктестікке көшуді түсіндіру;
-азаматтардың “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы, абаттандыру идеяларын ұсынуы, оларды жобалар деңгейіне дейін пысықтауы, содан кейін онлайн дауыс беруге қатысуы;
-Көкшетау қаласында ЖЭС салудың артықшылығы және су тазарту құрылыстарымен кәріз құрылыстарын салу барысы туралы.
-азаматтардың жергілікті жерлердегі әлеуметтік маңызды мәселелері және т.б.