«Депутаттар мен халық бірге - қаланың игілігі үшін!» айдары

«Депутаттар мен халық бірге - қаланың игілігі үшін!» айдары

21 желтоқсанда «Депутаттар мен халық бірге - қаланың игілігі үшін!» айдары аясында Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д. А. «Әкімов Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Р. Э. Туржановпен бірлесіп №13 сайлау округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар кәріз жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайы, көпір бойындағы тратураларды қардан уақтылы тазаланбауы, аула алаңдарын жөндеуге және теміржолшылар Аллеясын абаттандыру мен жарықтандыруға қатысты проблемалық мәселелерді айтты.
Кездесуде «Халық қатысуы бюджеті» бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет қаражатын бөлуге азаматтардың белсенді қатысу қажеттілігі, абаттандыру идеяларын ұсынып, оларды жобалар деңгейіне дейін пысықтап, содан кейін онлайн дауыс беруге қатысу туралы түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, көптеген тұрғын үйлерді реттейтін басқару органының болмауына байланысты проблемаға тап болып отырғаны түсіндірілді, осыған байланысты меншік иелерінің бірлестігін құру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.