2025 жылғы 10 қараша күні сағат 15:00-де Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 141 мекенжайында орналасқан қалалық әкімдіктің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өтеді.
Тыңдауға қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және Көкшетау қаласының Бірлік шағынауданының тұрғындары қатысады.
Көпшілік тыңдауда Көкшетау қаласының Бірлік шағынауданындағы атауы жоқ көшелерге (Позиция №1, №3, №4) атау беру мәселесі қаралады.