Қобда аудандық мәслихатының сайлау өткізу туралы хабарламасы

Қобда аудандық мәслихатының сайлау өткізу туралы

хабарламасы

        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, округтік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы Қобда аудандық мәслихаты хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

       Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

        Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 16 маусымнан бастап 29 маусымға дейін, ұсыныстары белгіленген жағдайда, мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

        1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет;

       2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді;

        3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

        4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

        Сайлау  комиссиясының  құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

       Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары,  ата-анасы  бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен  расталуы  және  орындалған  күні,  орындаушының  тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау  комиссияларының  құрамы  бойынша  ұсыныстарды  қабылдау 2026 жылдың 29 маусымға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат  аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін.

Қобда аудандық мәслихаты,  Мәслихаттың мекен-жайы: Қобда ауданы, Астана көшесі 48.

       Жауапты тұлға – Төлекбай Асылбек Даулетбайұлы, қалааралық телефон коды (871341), қызмет телефоны 2-11-54, 2-11-58, факс: 2-11-54, ұялы телефоны 87713042065 электрондық пошта: maslihat.kobda@yandex.kz

 

 

САЙЛАУ КОМИССИСЫ БОЙЫНША БОС ОРЫН:

 

      Учаскелік сайлау комиссиялары

 

№420 учаскелік сайлау

1

 

 

Қобда аудандық мәслихатының сайлау өткізу туралы хабарламасы
Дата публикации
16 июня 2026