Кербұлақ аудандық мәслихатының
VIII шақырылған кезекті ХХIII сессиясы
2025 жылдың 31 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХIII сессиясы өтті.
Сессия күн тәртібінде:
- Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ауданның елді мекендеріндегі жол салу және жөндеу, ауыз су жүргізу, газдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық сақтау, елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың (оқу ошақтары, медициналық мекеме, сауда орталықтарының) алдына арнайы жол белгілерін, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған пандустарды орнату барысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.
- Кербұлақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй –коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
- Басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.