Кербұлақ аудандық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы
2025 жылдың 31 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 30 да Кербұлақ аудандық мәслихаты төрағасының жұмыс кабинетінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс күн тәртібінде:
- Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік, тұрғын үй –коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі
- Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының 2024 жыл қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы хабарламасы
- Өзге де мәселелер қаралып тиісті қаулылар қабылданып, сессия бекітуіне ұсынылды.