Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
2026 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10: 30 да аудандық мәслихат төрағасының жұмыс кабинетінде ZOOM платформасы арқылы Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясының жалғасы өтеді.
Сессия күн тәртібінде:
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 31-249 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»