Кербұлақ аудандық мәслихатының
VIII шақырылған кезектен тыс ХХV сессиясы
2025 жылдың 9 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 11: 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс ХХV сессиясы өтті.
Сессия күн тәртібінде:
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-168 «Кербұлақ ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 41-315 «Сарыөзек кентінің бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 09-80 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- Басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.