«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылдың 06 мамыр күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22-166-VIII «2025-2027 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Келес ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
- Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 21 қарашасындағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Н.Шаулиев