КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Н.Шаулиев төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №21-153-VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қайта мүше сайлау туралы.

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.