Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы 2026 жылдың   31 шілде күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.   

                                    

                               Сессия қарауына енгізілген мәселелер: 

  1. 2025 жылға арналған Келес аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
  2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Келес ауданы бойынша 2025 жылғы Келес ауданының бюджетінің атқарылуы туралы;
  3. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Келес аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Ұшқын ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  5. Жүзімдік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  6. Қошқарата ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы.

 

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

 

Аудандық мәслихат

          төрағасы                                                                 Н.Шаулиев