Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:
- Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Абай ауылы әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Біртілек ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- «Келес аудандық ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКМ басшысының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №31-223-VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.