Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылдың 06 наурыз күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.   

                             Сессия қарауына енгізілген мәселелер: 

  1. Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  2. Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  3. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Абай ауылы әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  5. Біртілек ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  6. Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  8. «Келес аудандық ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКМ басшысының бір жылда атқарған жұмыстары туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

         Аудандық мәслихат
         төрағасы                                                                         Н.Шаулиев