КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 33 - СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС  33 - СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары Д.Сариев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Келес ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» №24-194-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қайта мүше сайлау туралы;
  3. Түркістан облысы Келес ауданындағы елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.

 

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.