«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы 2026 жылдың 13 ақпан күні сағат 11:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Келес ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» №24-194-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қайта мүше сайлау туралы;
- Түркістан облысы Келес ауданындағы елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасының м.у.а Н.Мережепов