
Ауданда шағын, орта кәсіпкерлік саласы, спорттық бағытта маңызды жетістіктерге жетілуде.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Абишевтің төрағалығымен өткен кеңестің кезекті жоспарлы отырысында аудан өміріндегі негізгі салалар бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар сараланып, талқыланды.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2025 жылы кәсіпкерлік саласында жүзеге асырылған жұмыстар жөніндегі есебі кеңінен баяндалды. Кеңес мүшелері тарапынан талқыланды; кейбір жұмыстардың толық орындалмағаны атап өтілді. Аталған салада өнеркәсіп саласы бойынша 6 жоба іске асырылмақ, оның ішінде:
Сонымен қатар, «АСВС ОЙЛ» ЖШС тұт көшеттерін отырғызу жобасын жүзеге асыруда, мақсат – жібек құрттарын өсіру және жібек матасын өндіру.
Ауыл шаруашылығы егістік жерлерін ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Келес ауданының су шаруашылығы» мекемесінің басшысының есебі тыңдалды. Бұл салада белгілі бір қиындықтар мен тозу мәселелері бар екені айтылды. Оларды шешу және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр, сондай-ақ ауыл шаруашылық басқармасынан үш жаңа техника жеткізілді, «Саңырау», «Игілік», «Шошым» каналдарын жөндеу қарастырылуда, соныменқатар су қызметіне төлемді келешекте QR-код арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмыстары және аудан спортын дамыту жөніндегі аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасарының баяндамасы тыңдалды. Бұл салада жеткен жетістіктер мен атқарылған оңды жұмыстар атап өтілді. Сонымен қатар, ауылдық округ бюджетіне шаруашылықтардан түсетін салықтар, бірінғай жер салығы және басқада кірістер толық есепке алынып, қажетті қосымша шаралар қарастырылды.
Мекеме басшыларының есебі жан-жақты қаралып, назарға алынсын деген ұсыныс білдірілді және ол толықтай назарға алынды.