
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №125 ұсыныс хатына сәйкес Келес аудандық мәслихаты аудандық №16 округтік сайлау комиссиясынан және №325, №353 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жекелеген мүшелерді сайланатыны туралы хабарлайды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комисиясымен белгілеуіне сәйкес құрылады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылғы 25 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 09 қаңтарына (қоса алғанда) дейін, Келес аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
Өтініштің нысаны Келес аудандық мәслихатының ресми сайтынан алуға болады (www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс. Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатта ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды 2025 жылғы 25 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 09 қаңтарына дейін (қоса алғанда) дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Келес аудандық мәслихаты
Шаулиев Нуржан Бурлибаевич - Келес аудандық мәслихат төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Абай ауылы Т.Рысқұлов к-сі, №89 үй
Жауапты; Құдияров Алдан Әбдіжәлілұлы – Келес аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру құқық бөлімшесінің бас маманы, қалааралық телефон (87003250564), қызметтік ішкі тел: 36-64, ұялы тел: 8(702-369-79-00) , электрондық почта keles_maslihat@mail.ru
Келес аудандық мәслихаты №16 округтік сайлау комиссиясынан және №325, №353 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жекелеген мүшелерін сайлайды.
|
Келес аудандық мәслихаты |
|
|||
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|
|||
|
қ/с № |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесінің орналасқан жері |
Сайланатын мүшелердің саны |
|
|
1 |
№16 |
Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі |
1 |
|
|
2 |
№325 |
Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 105, №13 Колледж |
1 |
|
|
3 |
№353 |
Келес ауданы, Бірлесу а/о Қазақстан е/м, А.Баржақсиев көшесі 50, №33 Жуантөбе ЖОМ |
2 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
|
4 |
||
Ұсынымдарға 5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________ (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2023 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
|
1. |
|
әкесі |
|
2. |
|
анасы |
|
3. |
|
ұлы |
|
4. |
|
қызы |
|
5. |
|
ағасы |
|
6. |
|
әпкесі |
|
7. |
|
атасы |
|
8. |
|
әжесі |
|
9. |
|
немересі |
|
10. |
|
жұбайы (зайыбы) |