Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Н.Шаулиев төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:
- 2026-2028 жылдарға арналған Келес аудандық бюджеті туралы;
- Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Жамбыл ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Бозай ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Ошақты ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Келес аудандық мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы мәслихат төрағасының есебі;
- Келес аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
- 2026 жылға арналған Келес аудандық мәслихатының жұмыс жоспары туралы;
- Аумақтық сайлау комиссясының шығып қалған мүшелерінің орнына қайта мүше сайлау туралы.
Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.