«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылдың 24 желтоқсан күні сағат 11:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- 2026-2028 жылдарға арналған Келес аудандық бюджеті туралы;
- Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Жамбыл ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Бозай ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Ошақты ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Келес аудандық мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы мәслихат төрағасының есебі;
- Келес аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
- 2026 жылға арналған Келес аудандық мәслихатының жұмыс жоспары туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Н.Шаулиев