Келес аудандық Қоғамдық кеңестің жоспарға сәйкес көшпелі отырысы Абай ауылы әкімдігі ғимаратында өтті. Отырысқа ҚК мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында келесі мәселелер қаралды:
- «Қазақтелеком» АҚ Келес аудандық желі техникалық цехының 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
- Абай ауылы әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
- Ұшқын ауылдық округі әкімінің 2024 жылы және 2025 жылдың 9 айындағы жұмыстары бойынша есебі қаралды.
- Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
- Интернет желісінің сапасын жақсарту және байланыс мәселелерін шешу бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ына нақты шаралар қарау ұсынылды.
- Абай және Ұшқын ауылдық округтерінде инфрақұрылым, абаттандыру, жол жөндеу және тұрғындар көтерген әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.
- Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.
Қоғамдық кеңес тұрғындармен кері байланысты күшейту және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жұмысын жалғастыра береді.