КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Сариев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №21-153-VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22-166-VIII «2025-2027 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Келес ауданының кейбір елді мекендерінің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы.
  4. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 21 қарашадағы «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» №6-42-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазанындағы «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» №5-30-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 24 желтоқсандағы Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» №8-61-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазанындағы «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» №5-31-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына қайта мүше сайлау туралы.

 

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.