Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда аудан өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынға кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі есептер тыңдалды:

  • Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Г.Құралбаеваның 2024 жыл және 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  • «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А. Ташкенбаидың 2024 жыл және 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  • Жүзімдік ауылдық округінің әкімі С.Ботбаевтың және Қошқар ата ауылдық округінің әкімі Е.Нұрмаханның есептері;
  • Түркістан облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Келес аудандық аумақтық инспекциясы» басшысы Т.Дүйсенбаевтың есебі облыстық іссапарға байланысты келесі отырысқа қалдырылды.

Отырыста зейнеткерлерді сауықтыру орындарына жіберу кезегінің әділдігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, ауылдық округтердің салық түсімдері, көгалдандыру жұмыстары, ауыз су мәселелері мен әлеуметтік нысандар құрылыстары кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, Бесабдал каналынан бөлініп шығатын, ауылдық округ аумағындағы лотоктарды заңдастыру және жөндеу қажеттігі көтерілді. Ол үшін алдымен лотоктарға мемлекеттік акт рәсімделіп, кейіннен Су шаруашылығы мекемесінің теңгеріміне өткізілуі тиіс. Осыдан кейін ғана күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі болатыны айтылды.