КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХVІII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХVІII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Н.Шаулиев төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Аудан әкімінің, оған жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалу туралы;
  2. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  3. Келес ауданының білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  5. Келес ауданының қыс мерзіміне дайындығы туралы;
  6. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Бірлік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  8. Бірлесу ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  9. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 21 қарашадағы «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» №6-42-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  10. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашасындағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізу туралы;
  11. Келес ауданының кейбір елді мекендерінің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы.

 

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.